Мектеп құжаттары

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

Кеңес мектебіне - 90 жыл!
Автор: Толғанай Роза

Ақылды қария- ағып жатқан дария

«Ақылды қария- ағып жатқан дария» Ашық тәрбие сағаты. 5-сынып

Сабақ тақырыбы: «Ақылды қария- ағып жатқан дария»
Мақсаты: Халқымыздың сан мыңдаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы-бабалардың өсиет сөздерін ұғындыру; үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге ізет көрсетуге баулу; оқушыларды өз ойларын жеткізе білуге, пікір айту, тыңдауға үйрету.
Түрі: кездесу, пікір алысу, сұрақ-жауап. Көрнекілігі: нақыл сөздер, плакаттар, шарлар т.б

Барысы:

  1. 1. Ұйымдастыру.
  2. 2. Кіріспе сөз.

- Балалар, 1-қазан күні Қазақстан Республикасында Қарттар күні аталып өтіледі. Бұл-бізге өмір сыйлаған аталарымызға, апаларымызға көңіл бөліп, бүгінгі бақытты өміріміз үшін ізгі ниетімізбен сый –құрметімізді көрсететін мереке.

3. Сұрақ-жауап бөлімі. /Оқушыларға сұрақтар қойылады, сол сұрақтар төңірегінде оқушылар жауаптарын тыңдау/

Мұғалім: Балалар, үлкенге сый-құрмет, кішіге жол көрсет дегенді қалай түсінесіңдер?

Жәнібек: Ол үлкенді сыйлай білу, кішілерге үлгі-өнеге болу деген ұғымды білдіреді.

Шерхан: Үлкендерге сый-құрмет дегенге кішіпейіл, әдепті, сыпайы болу деген ұғым бар.

Мұғалім: Қане, балалар, осы тақырып төңірегінде пікір алысайық. Өмірлеріңде осы тақырып шеңберінде қандай жағдайлармен кездестіңдер? Көрген кино, оқыған кітаптарыңнан мысал алуға болады. Егер қанатты сөздер білсеңдер тіпті жақсы.

Абдулла: Қоғамда өмір сүрген адамдар үшін жалпыға бірдей тәртіп ережелері болады.

Рахат: Адам баласы жолдастарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасағанда, оның таныс, таныс еместігіне, алыс-жақындығына, үлкен-кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай, кішіпейіл, әдепті болуы керек. Бұл – адамгершілік борыш.

Мұғалім: Кішіпейілділік, сыпайыгершілікке байланысты қандай мақалдарды білесіңдер?

Нұршаш: Сыйлай білсең сыйланарсың.

Аружан: Сыйға-сый, сыраға-бал.

Рахатбек: Кішіпейілділік-кісінің көркі.

Аружан: Кішіпейілділікпен кішіреймейсің.

Аружан: Бұдан қандай қорытынды шығарасыңдар?

Мерей: Адамдар бірін-бірі сыйлай білулері керек. Сонда оны басқалар сыйлайды.

Еркебұлан: Адамдар байқағыш, сезімтал, көреген болуы керек. Егер біз өз жеке басымызды ғана ойлайтын жаман қасиетімізді тастай алмасақ, бұл әдет бізді бірте-бірте дөрекі мінезділікке, бірін-бірі сыйлай білмеушілікке әкеп соғады. Бұдан шығатын қорытынды: мәдениетті болудың алғашқы қадамы-басқаны сыйлай білу.

Нұртілеу: Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілер қамқорлық жасап, оларға жол көрсете білуі керек.

Мұғалім: Кішілерге жол көрсетуді қалай түсініңдер?

Еркебұлан: Олар кішілерге ақыл айтып, ағалық қамқорлық жасауы керек. Мұғалім:Кішілерге жол көрсету үшін үлкендердің өзі қандай болуы керек?

Абдулла: Үлкендердің өз басында олқылық болмауы керек. Жоғары сынып оқушыларының ішінде бас киімдерін дәлізде киіп жүру немесе қоңырау арасында алысып ойнау сияқты кемшіліктер кездеседі. Оны көрген кішкене балалар: ағаларымыз не істесе, бізде соны істейік деген ойда болып, теріс қорытынды шығаруы мүмкін.

Мұғалім: Балалар, сәлемдесуге байланысты қандай сөздер білесіңдер?

Аружан: Сәлеметсіз бе? Аман-есенсіздер ме?

Мұғалім: Жастар үлкендермен қалай амандасады?

Абдулла: Үлкендерге жастар бірінші болып амандасады. Қол алысып амандасқанда, қолғапты шешу керек.

Рахат: Үлкендерге бұрын сәлем беру керек. Сәлемдесуден қашу немесе көрген адамыңды көрмеген боп өтіп кету-өрескел қылық.

Рахатбек: Амандасқанда, ұл балалар бас киімін шешуі керек. Егер таныс адамың алыстау тұрса, оған сәлеметсіз бе деп айқайлаудың қажеті жоқ. Егер, ол сені көрсе, басыңды иіп сәлемдес.

Мерей:Үлкендермен, қыздармен сөйлескенде, түзу тұрып, дұрыс жауап беру керек. Екі қолды қалтаға салып шіреніп тұру немесе қиқалаңдап, қозғалақтап тұру дұрыс емес, ол-сыйламаушылықтың белгісі.

Абдулла: Қалыптан тыс айқайлап сөйлеу ұят боп есептеледі. Дауысты көтермей әдеппен сөйлеу керек.

Еркебұлан: Көшеде келе жатқан қарт әже затын байқаусызда жерге түсіріп алса, әдепті бала оны жерден алып береді де, ауыр нәрсе көтеріп келе жатса, оны көтеріседі. Баланың мұндай қылығына қарт риза болып, алғыс айтады. Оны өз балаларына, басқаларға үлгі етіп айта жүреді. Жақсы қарым-қатынас кімді болса сүйсіндіреді, жаман қарым-қатынас қынжылтады.

Мұғалім: Алғыс-ақ тілеу, ізгі ниет. Алғыс-адам сезімі. Оны тартып та, сатып та алуға болмайды. Оған адам өзінің сыпайы мінезімен, әдептілігімен, мінсіз қызметімен, қоғамға келтірілген ерен еңбегімен ғана ие бола алады. Алғыспен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер дейді халық. Сендер алғысты қалай түсінесіңдер?

Нұртілеу: Алғыс-асыл сезім. Оны ашып айтпай-ақ, көңілмен білдіруге болады.

Нұршаш: Алғыстың өзі сыйластықтан туындайды. Ал сыйластық-біздің қоғамымызға тән қасиет. Дәл осындай ортада өмір сүріп отырған адамдар бірін-бірі сыйлап, біріне-бірі көмекке келіп жатса ел алғысына бөленер еді.

Мұғалім: Қыздар ұлдардан гөрі, ал төменгі сынып оқушылары сендерден гөрі әлсіздеу болады. Сондықтан ұлдар үнемі қыздарға, жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына қамқорлық жасаулары, көмектесуі керек. Ол қандай көмек?

Аружан: Көліктерге, автобустарға кірерде қарттарды, кішкене балаларды, қыздарды бұрын кіргізу керек.

Рахат: Түрегеп тұрған үлкендерге өз орнын босатып беру әдепті оқушының міндеті.

аружан: Өз айналамыздарға құрметпен қарым-қатынас жасау адамның жеке басының беделін түсірмейді. Шамадан тыс еңбекті де қажет етпейді. Ол әбден әдетке айналған соң ешқандай жақсы әсер етуді ойламастан-ақ өзінен-өзі жүргізіле беретін болады.

Мұғалім: Оқушылар бүгін біздің сынып сағатымыздың қонағы, ауылымыздың азаматы, мектебімізде қанша жыл ұстаздық қылған, қазір құрметті демалысындағы аталарың __________________________________ ортамызға келіп отыр, сұрақтарың болса қоюға болады./Оқушылар келген қонаққа сұрақтарын қояды/

4. «Аталар сөзі-ақылдың көзі». /Оқушылар ойын тыңдау/

1-сұрақ. Достықты нығайтатын не?

2-сұрақ. Үйдегі алтын қазық кім?

3-сұрақ. Үйде кім, елде кім қадірлі?

4-сұрақ. Өмір сүру үшін не қажет?

5-сұрақ. Арман деген не?

5. Қорытындылау. Сынып үздіктері келген қонаққа тілектерін айтып, сыйлықтарын тапсырады.



Вложенные файлы:
Akyldy-karia.rar

Просмотров: 825
Дата создания: 19.10.2012
Дата редактирования: 19.10.2012

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource